Жеті өңір “қызыл” аймақта
2021 ж. 24 мамыр
857
0
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
NUR.KZ сайтының берген ақпаратына сүйенсек, 22 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда жеті өңір “қызыл” аймаққа енген. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары.
“Сары” аймақта 5 өңір: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстары.
5 облыс “жасыл” аймақта: Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары.
Және тағы айта кететін жайт, Қазақстанда өткен тәулікте 2267 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Аймақтар бойынша : Нұр - Сұлтан қаласы – 351 , Алматы қаласы – 521 , Шымкент қаласы -74 Ақмола облысы – 134 , Ақтөбе облысы – 68 , Алматы облысы – 179 , Атырау облысы – 119 , Шығыс Қазақстан облысы - 94 , Жамбыл облысы - 31 , Батыс Қазақстан облысы – 102 , Қарағанды облысы - 326 , Қостанай облысы - 40 , Қызылорда облысы - 27 , Маңғыстау облысы - 43 , Павлодар облысы – 93 , Солтүстік Қазақстан облысы – 29 , Түркістан облысы – 36 .
Көктеубай Ақерке Нұрбекқызы
Жамбыл облысы,Тараз қаласы, Меркі ауданы, Ақтоған ауылы
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектеп
11-сынып оқушысы
qazaquni.kz