Белгісіз біреулер Дінмұхамед Қонаев бейнеленген муралды бүлдірді
2021 ж. 18 мамыр
938
2
Алматыда Дінмұхаммед Қонаевтың портреті бүлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл мурал осыдан 4 жыл бұрын салынған болатын. Тарихи тұлғаға мұрт салып, қорлағандардың кім екені белгісіз. Полиция іздеу шараларын бастады. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы болған Дінмұхаммед Қонаевтың ел тарихындағы орны бөлек.
Стрит-арт-суретшілердің туындысы Алматыдағы №122 мектеп жанына салынған болатын.
Фото: Шоқан Алхабаев, tengrinews.kz