Қазақстанда бір тәулікте 2586 адамнан коронавирус анықталды
2021 ж. 08 сәуір
1155
0
Қазақстанда өткен тәулікте 2586 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлайды.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 578, Алматы қаласы - 710, Шымкент қаласы - 81, Ақмола облысы - 98, Ақтөбе облысы - 117, Алматы облысы - 325, Атырау облысы - 137, Шығыс Қазақстан облысы - 55, Жамбыл облысы - 39, Батыс Қазақстан облысы - 125, Қарағанды облысы - 160, Қостанай облысы - 33, Қызылорда облысы - 22, Маңғыстау облысы - 43, Павлодар облысы - 28, Солтүстік Қазақстан облысы - 16, Түркістан облысы - 19.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 261503.