Әлия Назарбаева жаңа қызметке тағайындалды
2021 ж. 07 сәуір
988
0
Әлия Назарбаева - экологиялық ұйымдар қауымдастығы төралқасының төрайымы, «Жасыл ел» жастардың еңбек бригадалары кеңесінің төрайымы болды.
Одан бөлек, кеңес құрамына Сенат пен Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, экологиялық және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері кірді:
Айгүл Соловьева - Кеңес төрағасының орынбасары, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (ЗТБ) Басқарма төрағасы;
Тоқтар Болысов - Кеңес төрағасының орынбасары, «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ атқарушы директоры;
Азамат Данияр - кеңес хатшысы, «Жасыл Ел» республикалық штабының жетекшісі;
Нұртөре Жүсіп - Сенат депутаты;
Елдос Абақанов - Мәжіліс депутаты;
Айжан Скакова - Мәжіліс депутаты;
Тілектес Адамбеков - Мәжіліс депутаты;
Мәди Ахметов - Мәжіліс депутаты;
Мая Бекбаева - журналист, тележүргізуші, продюсер, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары;
Эмин Аскеров - қоғам қайраткері, кәсіпкер, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі;
Тимур Елеусізов - «Табиғат» экологиялық одағы төрағасының орынбасары;
Болат Бұхарбай - блогер және Jaqsy Bolady YouTube каналының авторы.
Кеңес кездесуінде экологиялық ұйымдар мен серіктестікті одан әрі дамытуға қатысты мәселелер көтерілді.
Дереккөз: abai.kz