Түркістан облысы Бадам өзенінде балықтар қырылып жатыр
2021 ж. 09 наурыз
1259
0
2021 жылдың 8 наурызында «Instagram» әлеуметтік желісінде gappar_nomad/аңшылық балық аулау парағында) Бадам өзенінде маринка балығының өлгені туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайы ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми Telegram каналына сілтеме жасап.
Ондағы деректерге қарағанда, сол күні Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімі (бұдан әрі – Инспекция) Шымкент қаласының экология департаменті, табиғатты қорғау полициясы және ветеринарлық қызмет өкілдерімен бірлесіп, оқиға орнына барды.
Экология, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және ветеринарлық қызмет өкілдері зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су мен балықтан сынама алды.
Айта кету керек, өзеннің кейбір учаскелерінде судың түсі қоғырқай тартқан.
«Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС Арал филиалының алдын ала қорытындысына сәйкес, жаңбыр және тасқын су салдарынын судың сапасы мен температурасының өзгерген. Бұл жағдай өз кезегінде балықтардың тіршілік әрекетіне әсер етеді, яғни балықтар осы себептен қырылуы мүмкін.
Балықтардың балықтардың қырылуының нақты себебі зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады.
Ағымдағы жылғы 8 наурыз күні сағат 20:00-дегі жағдай бойынша Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының цемент зауыты ауданында инспекция қызметкерлері 20 кг маринка балығын жинады. Өлі балықтарды жинау жалғасуда.