4 оқушы қызды қаққан мас жүргізуші: Президент тергеуді өз бақылауына алды
2021 ж. 04 наурыз
1101
0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында 4 оқушы қызды қаққан мас жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті.
«Президент Алматы облысында мас жүргізушінің төрт оқушы қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Екі қыз ауыр халде ауруханада жатыр. Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетіледі» деп жазды Берік Уәли.
Еске сала кетейік, бүгін Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақатын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. Көлік қаққан екі оқушының жағдайы өте ауыр.