БҚО мәслихатының ғимаратында ер адам өз-өзін өртеп жіберді
2021 ж. 03 наурыз
1873
0
Кеше, 2 наурызда БҚО тұрғыны облыстық мәслихат ғимаратында өзін-өзі өртеп жіберген.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 наурызда бір адам облыстық денсаулық сақтау басқармасына өзінің тағайындауын №4 емханадан №3 емханаға ауыстыру туралы талаппен келген.
- Бұл шешім емхана деңгейінде қабылданатындықтан Денсаулық сақтау басқармасының басшысы м.а. Арман Қалибеков №3 емхана директорын әңгімелесуге шақырды. Ол басқармаға келгенше ер адамнан өтініштің мәнін айту сұралды. Ол наразылығын агрессивті түрде білдірді. Куәгерлердің айтуынша, ол бастапқыда жанжал шығарған, одан алкогольдің иісі шыққан, - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, кейін ер адам сіріңке қорабын алып, үстіндегі жемпірін өртеген, алайда бензин қолданбаған.