Ресей қазақ жеріне АЭС салуға дайын – елші
2021 ж. 11 ақпан
2152
2
Ресейдің мемлекеттік "Росатом" корпорациясы Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына кірісуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы РФ-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкин "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында айтты.
Оның сөзінше, электр қуатының тапшылығы болжанып отырған жағдайда Қазақстан үшін АЭС құрылысы маңызды. Қазақстан да әлемнің өзге мемлекеттері сияқты таза энергетикаға зәру. Бұл саладағы тиімді шешімдердің бірі – атом электр станциясы. Электр қуатының тапшылығы болжанып отырған жағдайда Қазақстан үшін АЭС құрылысы маңызды. Росатом бұл жобаға кірісуге дайын, станцияның қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығына кепілдік береді, деді РФ елшісі Алексей Бородавкин.
Оның сөзінше, Ресей атомына сенімсіздік пен үреймен қарайтындар қателеседі. Ресей АЭС-терінде ең озық заманауи технологиялар қолданылады.
Таза электр қуатын айтпағанда, АЭС жобасы Қазақстан экономикасының салаларына мықты серпін береді, жоғары білікті жұмыс орындарын ашып, ядролық физика саласындағы жоғары білім сапасын арттырады, деп қосып қойды Алексей Бородавкин.