ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ РЕКТОРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
2021 ж. 05 ақпан
2295
2
Жансейіт Түймебаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры қызметіне тағайындалды.
Жансейіт Қансейітұлы әр жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Орта және Таяу Шығыс және Африка елдерін басқару бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы (1993-1994);
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы (1994-1997);
Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бас сарапшысы (1997-1999);
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Бас Консулы (Ыстамбул қ-сы) (1999);
Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы (1999-2004);
Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының Бастығы (31.03.2004-01.02.2006);
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.02.2006-10.01.2007);
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (10.01.2007-09.2010);
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (10.2010 бастап);
Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (03.2011 бастап), Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі (07.10.2016) Түркістан облысы әкімі (20.06.2018), сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары — Хатшылық меңгерушісі қызметін атқарды.