Халыққа берілетін шағын несиелердің ставкасы 6 пайыздан аспауы тиіс - Қасым-Жомарт Тоқаев
2021 ж. 26 қаңтар
1357
0
Халыққа берілетін шағын несиелердің ставкасы 6 пайыздан аспауы тиіс. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы халықты жұмыспен қамтудың негізгі құралы. Оның «Бастау – бизнес» бағыты бойынша 150 мың адам оқып шықты. Бірақ, тек 10 пайызы несиеге, 19 пайызы грантқа ие болды. 100 мыңнан астам адам мемлекет қолдауынан тыс қалды»,- деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті әсіресе, бағдарламаның ауылдағы түлектеріне қаржы жетпей жатқанын баса айтты.
«Өйткені ауылда банктар мен даму институттарының бөлімшелері жоқ. Сондықтан бағдарламаның қаржы көлемін ғана емес оны жүзеге асыру ұстанымдары мен тетіктерін қайта қарауымыз керек. Оған білікті микроқаржы ұйымдарының белсенді қатысуын қамтамасыз ету - Үкіметтің міндеті. Халыққа берілетін шағын несиелердің ставкасы 6 пайыздан аспауы тиіс»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.