Коронавирустан 15, ал пневмониядан 3 науқас қайтыс болды
2021 ж. 26 қаңтар
914
0
ҚР ДСМ 2021 жылдың 26 қаңтарындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады.
26 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 134 адам короновирус инфекциясынан (15 467 КВИ+ және 11 667 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 576 пациент стационарда, 20 558 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 15 науқас қайтыс болды, - делінген хабарламада.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 285 адамның жағдайы ауыр;
• 43 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бұдан бөлек ведомство COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректі де таратты.
2021 жылғы 24 қаңтардағы мәлімет бойынша 8 жағдай тіркеліп, 3 жағдай өліммен аяқталған. 37 адам жазылып шыққан. 3 адам көз жұмды.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 47 445, өлім жағдайлары - 558, барлығы 35 220 адам сауығып шықты.