Жаңа құрам бекітілгенге дейін Үкімет өз міндеттерін атқаратын болады - Жарлық
2021 ж. 15 қаңтар
1672
0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болады.
Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында айтылған.
***
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда,
2021 жылғы 15 қаңтар
№ 491