Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталды - министрлік
2021 ж. 14 қаңтар
1151
0
Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз екінші толқын екенін түсініп отырмыз...дегенмен, біз оны бірінші, екінші толқынға бөлмейміз. Іс жүзінде науқастар санының өсуі байқалады. Біз жағдайдың дамуын пессимистік емес, нақты деп айта аламыз, мұнда өсуді байқап, біз екінші толқынның даму сатысында тұрмыз деп айта аламыз. Себебі аурудың таралып, көбеюі толқын тәрізді", - деді Қиясов.
Сондай-ақ, ол локдаун туралы сұраққа жауап берді.
Оның айтуынша, әзірше "қызыл" аймақта екі облыс бар, қалғандары "сары" аймақта.
Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 164 477-ге жетті.