Exit poll нәтижесі жарияланды
2021 ж. 11 қаңтар
1153
0
«Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау бойынша Exit poll нәтижесін жариялады, деп хабарлайды baq.kz.
Бұл туралы «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова “Орталық коммуникациялар қызметінде” өткен брифингте мәлімдеді.
Exit poll нәтижесі мынандай:
«Nur Otan» партиясы – 71,97%
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –- 10,18 %
Қазақстанның Халық партиясы – 9,03 %
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 5,75 %
«ADAL» саяси партиясы – 3,07%
Айта кетсек, 2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-20.00 аралығында жүргізілді.