Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға енгізілген мораторий мерзімі ұзартылды
2020 ж. 28 желтоқсан
781
0
Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға енгізілген мораторий мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Жарлықта:
«1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін» деп жазылған.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.