Шымкентте 70 жастағы әйелді зорламақ болған қала тұрғыны іздестіріліп жатыр
2020 ж. 20 желтоқсан
1838
0
Шымкентте егде әйелді зорламақ болған адамның кім екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
17 желтоқсанын күні шамамен сағат 23:15 кезінде Еңбекші аудандық полиция басқармасына қарт әйелге көмек керек деген шақырту келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл келген жедел тергеу тобы үйдің кіреберісінде белгісіз біреудің 1950 жылы туған әйелді зорламақ болғанын анықтады.
«Сол күні аталған жайт ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі-120-бабы 1-бөлігі (зорлауға әрекет ету) бойынша тіркелді. Қабылданған шаралардың арқасында күдіктінің кім екені анықталды. Ол - Шымкент қаласының тұрғыны. Бұған дейін бірнеше рет сотты болған. Оы ұстауға бағытталған барлық қажетті шаралары жасалып жатыр» делінген хабарламада.
Айта кету керек, оқиға «Қазақтелеком» көмегімен үйдің кіреберісіне орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Аталған камера Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған.