«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат науқаны Ақмола вагон жөндеу зауытынан басталды
2020 ж. 11 желтоқсан
2244
0
«Ақ жол» партиясының үгіт-насихат науқаны Ақмола вагон жөндеу зауытынан басталды. «Ақ жол» демократиялық партиясының партиялық тізіміндегі депутаттыққа кандидаттар өңірдегі ең көне кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті. Азат Перуашев зауыт қызметкерлерін партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, бизнесті қолдау бойынша жұмыс туралы сөз қозғады. Кездесу барысында зауыттың ағымдағы мәселелері, бизнесті қолдау және жұмыс орындарын сақтауға байланысты шаралар талқыланды.
«Бизнес, сайып келгенде, өз арамыздағы азаматтар, бірақ олар біздің отандастарымызды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Бүгінде табыс көлемі күрт төмендеді, адамдар күн көріс көзінен айырылды. Біз қазір бизнесті тек салық төлеуші және экономикалық субъект ретінде ғана емес, сонымен бірге адамдар үшін жұмыс орны ретінде де, тамақ көзі ретінде де қабылдауымыз керек.
Үгіт-насихат жүргізу науқаны аясында партия еркін экономикалық аймақтардағы кәсіпорындарды салық төлеуден 10 жылға босатуды, салықтық рақымшылық жүргізуді, яғни шағын және орта бизнесті ҚҚС, КТС және мүлік салығын төлеуден төлем қабілеттілігі толық қалпына келгенше босатуды ұсынады», - деп атап өтті Азат Перуашев.
«Республика алдында таңдау тұр: қазіргі модельді сақтау немесе ауыр, бірақ біз қашып құтыла алмайтын өзгерістер. Аймақтар мен шағын қалаларды айтпағанда, тіпті мегаполистердің өзінде әдемі көріністің артында кір мен өтірік, отандастарымыздың кедейлігі мен болашағы жоқ жастар жасырынып тұр. Мұның бәрін өз халқының сенімі мен қадір-қасиетін қалпына келтіру үшін неғұрлым ертерек ашып, ретке келтірген дұрыс», - делінген «Ақ жол» бағдарламасында.
«Ақ жол» демократиялық партиясы осындай өзгерістер бағдарламасын ұсынады. Түбегейлі өзгерістер қажет. «Ақжолдықтар» өзгерістерді таңдайды.
"Ақ жол" партиясының сайлау қорынан төленді