8 миллиард теңгені жымқырды деген айыппен банк басшылары ұсталды
2020 ж. 10 қараша
1027
0
Таяуда ғана қызметі тоқтаған «Tengri Bank-тің» бұрынғы басшылары ұсталды.
«Хабар 24» хабарлауынша, басқарма төрағасының экс-орынбасары Бақтияр Ілиясов пен Алматы филиалы директорының бұрынғы орынбасары Әсет Жадықов қамауға алынды. Оларға банк шотындағы жалпы сомасы 8 миллиард теңгені жымқырды деген айып тағылды. Тергеу мәліметтеріне сай экс-банкирлер қаржыны қайтарымсыз несиелер арқылы қалтаға басып келген. Бұл ақпаратты Қаржы министрлігі де растады. Алайда толық мәліметті кейін береміз деп отыр
Еске салайық, «Tengri Bank» лицензиясынан қыркүйек айында айырылған болатын. Қаржы ұйымы нормативтік ережелерді бұзып, жүйелік қателіктерге жол берген.