Азат Перуашев алматылық белсенділермен кездесті
2020 ж. 04 қараша
1126
0
«Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен партия төрағасы Азат Перуашев алматылық белсенділермен кездесті.
Жиынға партия төрағасының орынбасары Дмитрий Васильев пен Орталық Кеңестің хатшысы Арман Сқабылұлы қатысты.
Кездесуге қатысушылар коронавирус пандемиясы кезінде туындаған дағдарыс пен өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар партия көшбасшысы Азат Перуашев парламенттік фракцияның қызметі, депутаттардың заң шығарушылық жұмысы туралы айтты. Сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат сайлауының ережелерін түсіндірді.
Кездесу соңында Азат Перуашев партияның жаңа мүшелеріне партия билеттерін табыс етті.