Kaspi.kz шоттағы "ақшаның жоғалуына" қатысты пікір білдірді
2020 ж. 28 қазан
1224
0
Kaspi.kz операцияларында ақаулар пайда болды. Бұған дейін әлеуметтік желіде адамдар шоттағы ақшаларының жоғалып жатқаны туралы жазып, дабыл қақты.
Бұл туралы "Қазақ үні" хабарлайды.
Алайда, банк қызметкерлері уайымдауға еш негіз жоқ екенін айтты.
«Өкінішке қарай, Kaspi.kz-те техникалық ақаулар болды. Карта арқылы төлем жасау, банкоматтардан ақша шығару және толтыру, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдары уақытша істемейді. Біз мүмкіндігінше тезірек бәрін түзету үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деп атап өтті банкте.
Еске сала кетейік, 28 қазанда Kaspi.kz операцияларында техникалық ақаулар орын алған еді.
Банк өкілдері оны тезірек жоюға уәде берді. Клиенттердің өз шоттарындағы ақшалары сол күйінде сақтаулы.