Қоғамдық кеңестердің қызметіне 3,5 мың қазақстандық қатысуда – Аида Балаева
2020 ж. 23 қазан
1443
0
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Президент Жолдауын түсіндіру барысында мәлім етті. Оның айтуынша, ел бойынша орталық және жергілікті билік органдарының жанынан 234 қоғамдық кеңес құрылды.
Бұл туралы "Қазақ үні" хабарлайды.Олардың құрамына қоғамның түрлі топтарының мүдделерін білдіретін 3,5 мыңға жуық белсенді азамат тартылды. Негізінен, бұл ғылыми-шығармашылық интеллигенция, ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының өкілдері және жай ғана жанашыр азаматтар. Аида Балаева 2016 жылдан бастап қоғамдық кеңестер 19 мыңнан астам нормативтік құқықтық акті жобаларын қарағанын атап өтті.
Одан бөлек, Қоғамдық кеңестер барлық әлеуметтік-маңызды тақырыптар бойынша тәуелсіз мониторингтер мен тыңдаулар өткізе алады. Қоғамдық көлік, тұрғын-үй құрылысы, жол жөндеу, КСК қызметтері, ең қажетті тауарлардың бағасы және басқа да тақырыптар бойынша 1000-нан астам зерттеу жүргізілді.