Министр Қазақстанда интернеттің неге әлсіз екенін айтты
2020 ж. 21 қазан
1206
0
Қазақстандағы интернет неге әлсіз? Бұл сұраққа бүгін ведомства басшысы жауап берді. Сенат депутаттарының алдында сөз алған Бағдат Мусин интернет сапасы бойынша арнайы заңнаманың жоқ екенін айтады.
Осыған байланысты елімізде байланыс жүйесі бәсең екен. Бұдан бөлек, министр ғаламтордың жай жұмыс істеуіне радиожиілік желі мен әуе байланысын кінәлады, деп хабарлайды otyrar.kz.
Бағдат МУСИН, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі: «Бұл дегеніміз кіші телеком операторлар өздеріне радиожиіліктер алып, оларды қызмет көрсету үшін пайдаланбауда. Радиожиілік ресурстарды тиімді қолдану маңызды екені түсінікті. Біз арнайы аудит жасап, пайдаланылмай келе жатқан жиіліктерді мемлекетке қайтарып алуды жоспарлаудамыз. Бірақ ол үшін тиісті стандарттар мен заңнамаға өзгерістер енгізу қажет».
Сонымен қатар, Бағдат Мусин телекоммуникациялық операторлар қызметіне төмен айыппұлдар белгіленгенін атап өтті. Айыппұл соммасы 100 АЕК құрайды.