Сотталған Бақауов мәжбүрлі қоғамдық жұмыстан босатылды
2020 ж. 15 қазан
1112
0
Павлодар облысының сотталған экс-әкімі мәжбүрлі қоғамдық жұмыстан босатылды. Бұл туралы ktk.kz хабарлады.
Павлодар облысының экс-әкімі көше сыпырып, қоқыс шығарудан құтылды. Бес ай бұрын мәжбүрлі қоғамдық жұмысқа тартылған Болат Бақауов енді одан босатылған. Бүкіл мерзім ішінде бұрынғы әкім жылына 100 сағат жұмыс істеуі керек болатын. Алайда ол ресми жұмысқа орналасуына байланысты бұл жазадан құтылып кетті.
Бұл сотталған азамат Павлодар қаласының пробация қызметінде белгіленген тұрғылықты жері бойынша тіркелген. Заңға сәйкес, жұмыспен қамтылмаған сотталушылар мәжбүрлі еңбекке тартылады. Алайда, бұл адам жұмыспен қамтылған. Мәжбүрлі жұмысқа тартылмайды. Жеке іс бойынша ақпарат жариялауға жатпайды , - деп мәлімдеді Павлодар облысы бойынша ҚАЖ бөлімі баспасөз хатшысы Гүлжан Абдуғалиева.