Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтілді
2020 ж. 14 қазан
1150
0
Қалалық штаб отырысында елордада бірқатар қосымша шектеулер туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өз "инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
“Covid-19 індетін жұқтыру қаупінің жоғарылауы мен науқастардың санының артуына байланысты қалалық штаб отырысында бірқатар қосымша шектеулер қабылданды. Карантиндік шаралар ертеңнен бастап яғни 14 қазаннан бастап күшіне енеді.
Біріншіден, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен олардың квазимемлекеттік секторының кемінде 60%-ы қашықтан жұмыс режиміне ауысады. Адам көп жиналатын жеке ұйымдар жұмысшыларды қашықтан жұмыс режиміне ауыстыруы қажет. Індетті жұқтырудың негізгі ошақтары - ұжымдық (еңбек) ошақтар. Жұмыс орындарында санитария-эпидемиология нормаларының қатаң сақталуын бақылау қажет.
Екіншіден, кафе, мейрамхана, бар, асхана және басқа да қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты 22 сағатқа дейін (9:00-ден 22:00-ге дейін) қысқартылады. Жұмыс күндері де, демалыс күндері де. Толтырылуы 30 орыннан артық емес.
Нотариустардың, адвокаттық кеңселердің, бухгалтерлердің, консалтингтің, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың және т.б. жұмыс кестесі сағат 18-ге дейін (9:00-ден 18:00-ге дейін). Жұмыс күндері де, демалыс күндері де.
Азық-түлік емес тауарлар мен заттарды сататын бутиктерге тек жұмыс күндері 18 сағатқа дейін жұмыс жасау рұқсат етіледі.
Монша, бассейнмен қамтылған сауналардың жұмыс кестесі: жұмыс күндері 8:00-ден 21:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері 9:00-ден 19: 00-ге дейін. Алдын-ала жазылу міндетті.
Жексенбіде қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Автобустар дезинфекцияланады.
Үшінші. Полиция департаменті санитарлық дәрігерлермен бірлесе күнделікті рейдтер жүргізіп, санитария нормаларын ұстану бойынша заңбұзушылық фактілерін анықтау жұмысын күшейтуі қажет.
Рейдтер көптеген нысандардың санитария-эпидемиология нормаларын қатаң сақталмай жатқандығын көрсетіп отыр. Ұйымдар эпидемиялық талаптарды бірнеше рет бұзған фактілер болды. Мұндай рецидивистердің қызметі тоқтатылады”, - деп жазды Алтай Көлгінов.