Карантиндік шектеулер күшейтіледі
2020 ж. 12 қазан
1073
0
Маңғыстау облысында карантиндік шектеулер күшейтіледі, деп хабарлайды zakon.kz.
Маңғыстау облысында 13 қазан сағат 00: 00-ден бастап карантиндік шаралар күшейтіледі. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің 28 тамыздағы қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді.
Өзгерістерге сәйкес:
- мейрамханалар, кафелер (30 орыннан аспайтын) және ірі супермаркеттердің жұмысы сағат 21.00-ге дейін қысқарады. Жеке үй-жайларда орналасқан, ауданы 100 шаршы метрден аспайтын азық-түлік дүкендерінің жұмысы - 23.00-ге дейін. - Қоғамдық көліктер сағат 6.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді, ал сенбі мен жексенбіде автобустар тоқтайды.
- Фитнес орталықтары мен спорт залдар жабылады. - Азық-түліктен басқа барлық базарлардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады. - Үйлену тойлары мен топтық шараларды болдырмау үшін рейдтер көбейеді.
Өткен тәулікте облыста коронавирус инфекциясының 5 жағдайы тіркелді. Жалпы Маңғыстау облысында КВИ бойынша 3 362 жағдай анықталды.