Қазақстанда ұлттық тауар өткізу жүйесі құрылып жатыр
2020 ж. 20 тамыз
1537
0
Сауда саласын жаңғырту шеңберінде біртұтас және тиімді сауда-логистикалық инфрақұрылымын – ұлттық тауар өткізу жүйесін (ҰТЖ) құру бойынша жұмыс басталды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында айтты, - деп хабарлайды "Қазақ үні".
Спикердің айтуынша, ҰТЖ фермерлерді, сатып алушыларды, тасымалдаушыларды, делдалдар мен ретейлерлерді бірыңғай кластерге біріктіреді. Техникалық қана емес, сондай-ақ ақпараттық бағытта.
Сауда және интеграция министрлігі 24 көтерме-тарату орталығы «табиғи» негізгі ҰТЖ болатынын хабарлады. Министр Б.Сұлтановтың айтуынша, бірыңғай цифрлық жүйемен байланыстағы КТО өндірушіден тұтынушыға дейін өнім жеткізу тізбегін оңтайландыруға мүмкіндік береді, өнімді сақтау, тиімді бөлу және өткізу үшін қажетті жағдайлар жасайды. Тауар шығындарын азайту фермерлерге өнімділікті арттыруға қосымша инвестициялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
«Бұдан басқа, жеке өндірушінің өткізу нарықтарына және сату алдындағы сауда инфрақұрылымына толық тікелей қол жеткізуі жеке меншік иесінің де, жалпы саланың да кірістерін арттырады,» - деп хабарлады министр. Сауда және интеграция министрлігінің есептеуінше, ҰТЖ әлеуемттік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын 45% - ға дейін төмендеуін қамтамасыз етеді. «Бұл қазақстандық тұтынушылар үшін жыл сайын шамамен 60 миллиард үнемдейді. Ұлттық тауар өткізу жүйесі бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ететіні және наурыз-сәуір айларында көргеніміздей, маусымдық және ажиотажды «тапшылық» үрдістерді болдырмауға мүмкіндік беретіні маңызды», - деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов.
Сонымен бірге, Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында хабарлағандай, өкімет қазақстандық цифрлық сауда алаңдарын ынтыландырудың жаңа шараларын пысықтауда.
«Қосымша КТС пен ЖТС төлеуден босату мәселесі пысықталуда,» - деп мәлімдеді Сұлтанов, электрондық коммерцияны дамыту жоспары туралы әңгімелегенде.Сауда және интеграция министрлігі Ұлттық Банкпен бірлесіп «төлем жүйесі арқылы электрондық коммерцияны дамытуды ынталандыру мәселесі» пысықталып жатқанын хабарлады.
СИМ-нің болжамы бойынша, осы жылдың соңына дейін 900 млрд. теңге, ал 2022 жылға қарай онлайн сатып алу көлемі елдегі барлық бөлшек сауданың 2 триллионына немесе 13%-ына жетуі мүмкін.
Сұлтановтың айтуынша, 2025 жылға қарай электрондық коммерция үлесі нарықтың 15% - ына жетеді.
Жалпы, Сауда және интеграция министрлігі қолдаудың жаңа тетігі ретінде экспорттық қаржыландыру бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бастамасын көтеретіні белгілі болды.
«Бұл жоғары технологиялық өнімді жеткізу бойынша келісімшарттарды қолдайды. Осы қолдау нысанын күтіп отырған және 300 млрд теңгеден астам сомаға мұндай өнімді жыл сайын экспорттауға дайын кәсіпорындардың нақты тізбесі бар. Қазіргі уақытта Қазақстан шикізаттық емес экспорттаушыларды қолдаудың белсенді саясатын жүргізуде», - деді министр.Осылайша, өткен жылы министрліктің көмегімен 300-ден астам қазақстандық компания 50 шетелдік көрмеге қатысып, 114 млрд теңгеге 63 экспорттық келісімшарт жасасты.
Өңделген өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау 2 жыл ішінде 277 экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың көлік шығыстарын 6,8 млрд теңгеге төмендетуге мүмкіндік берді. Ал босатылған қаражат өндіріс көлемін ұлғайтуға инвестиция ретінде салынды. Нәтижесінде, олардың салық аударымдары 45%-ке өсті.
Экспорттаушыларға сондай-ақ, жеңілдетілген несиелер мен келісімшарттарды сақтандыру секілді қолдаулар көрсетіледі. Мысалы, өткен жылы «ҚазақЭкспорт» 82 экспорттаушының 97,1 млрд теңге сақтандыру міндеттемелерін қабылдады, биылғы жылы – 31,1 млрд теңге сомасына 50-ден астам.
Мемлекеттік қолдаудың тағы бір жүйесі іске қосылды – экспорттаушыларды жеделдету. Үстіміздегі жылы акселератор тамақ өніркәсібіне шоғырланған. Тамақ өнеркәсібінде Қытай нарығына шығарылатын 40-қа жуық компания іріктеліп алынды.
Министрдің айтуынша, 2025 жылға қарай экспорттық акселерацияны қолдау сенімді экспорттаушылар санын тағы 600 қазақстандық кәсіпорынға арттыруға мүмкіндік береді. Бұл экспорттық жеткізілімдердің $ 410,2 млн ұлғаюын және 34,5 млрд теңге қосымша салық аударымдарының түсуін қамтамасыз етеді.
Атап өту керек, экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында 5 тамызда ҚР Сауда және интеграция министрлігінің басшылығымен ірі швейцариялық SUISAG компаниясы өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның шошқа шаруашылығы саласын дамыту мәселелері бойынша онлайн-семинар өткен болатын.
ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі Қ.Төребаев өзінің құттықтау сөзінде атап өткендей, бүгінгі кездесу 2019 жылғы 22 қарашада Мемлекет басшысы Швейцария Президенті Ули Маурер мырзамен кездесу қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудағы іс-шаралардың бірі болып табылады.
Осы семинар қазақстандық шошқа шаруашылығы саласының ең алдымен ҚХР нарығына шығуға ұйымдастыру және дайындау аясында өткенін атап өткен маңызды болып табылады.
Сонымен қатар, аталған семинарда ҚР Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлібек Әсетұлы Бакаев, «QAZTRADE «ССДО» АҚ Бас директоры Арман Дәулетұлы Әбенов және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі сөз сөйледі.
А.Әбенов атап өткендей, Швейцариямен ынтымақтастық біз үшін ең перспективалы бағыттардың бірі болып табылады.
Шошқа етінің экспортын ұлғайту әлеуеті 780-1100 млн. АҚШ доллары, соның негізі Қытай нарығына.
Осы сала үшін өткен жылдың қыркүйегінде ҚХР Мемлекеттік кеден басқармасымен Қытайға мұздатылған шошқа етін экспорттауға қойылатын талаптар бойынша Хаттамаға қол қою маңызды болды, сондай-ақ ветеринарлық сертификат келісілді, қазақстандық шошқа шаруашылығы кәсіпорындарын ҚХР Бас кеден басқармасының тізіліміне енгізу күтілуде.
Ағымдағы жылдың маусым айының басында ҚР АШМ ҚХР МТУ-ға 34 қазақстандық кәсіпорынның (30 ет өңдейтін және 4 шошқа өсіретін) жаңартылған тізімін жіберді.
Тағы бір маңызды ілгерілеу - а.ж. мамыр айында Қазақстан шошқаның классикалық обасынан азат ел деп танылғаны туралы халықаралық эпизоотиялық бюро сертификатын алу болды.
Семинар барысында SUISAG компаниясының өкілі Маттео Эппли мырза қазақстандық шошқа шаруашылығы саласының өкілдеріне Қытай Халық Республикасына шошқа етін экспорттау мүмкіндіктері, кедергілер мен сондай-ақ сертификаттау мәселелері және экспортты арттырудың өзге де мүмкіндіктері туралы айтып берді. Сонымен қатар, Эппли мырза Швейцарияның шошқа шаруашылығын дамыту және қазіргі жетістіктері туралы тәжірибесімен бөлісті.
Ол сондай-ақ Қазақстанда шошқа өсіру саласын дамыту бойынша өз ұсыныстарын ұсынды. Олар:
- Жануарлар денсаулығының ең жақсы деңгейімен өнімділікті арттыру (өнімділіктің өсуі), жасанды ұрықтандыру технологиясын пайдалану (қазіргі уақытта ИҚ жөніндегі орталық жоқ) және генетиканы енгізу;
- қолда бар шошқа басын жақсарту (шығару +50%);
- білім алмасу, оқыту және инфрақұрылымды дамыту арқылы өндірісті қолдау ;
- қазақстандық университеттермен бірге мамандардың жаңа буынын дайындау;
- жаңа мал басы бар жаңа фермалар құру.
Қазіргі уақытта, компанияның генетика, жасанды ұрықтандыру және денсаулық мәселелеріне назар аудара отырып, Қазақстанның шошқа өсірушілері үшін оқыту семинарын өткізу жөніндегі пилоттық жобасы ҚР Үкіметіне ұсынылды.
Ұсыныс ретінде қазақстандық шошқа шаруашылығы орталығын (Швейцария моделі бойынша) құру қажеттігі айтылды.
Семинарға 20-ға жуық қазақстандық кәсіпорын қатысты. Семинарды ҚР сауда және интеграция министрлігі, ҚР Швейцариядағы Елшілігі, «QAZTRADE «ССДО» АҚ, ҚР АШМ және Қазақстандағы Швейцария елшілігінің сауда өкілдігі бірлесіп ұйымдастырды.
Жалпы, елдегі бизнесті қолдау мақсатында 2020 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі (ҚР СИМ) мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының Финтех хабы (АХҚО) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Бұл серіктестік қаржылық қызметтер индустриясы мен электрондық коммерцияны дамытуға ықпал етеді.
Атап айтқанда, тараптар шағын және орта бизнес (ШОБ), бизнес-субъектілер, кәсіпкерлер, АТ-мамандар мен студенттер үшін онлайн және офлайн-форматтарда практикалық семинарлар, воркшоптар, дәрістер, конференциялар мен хакатондар өткізуді жоспарлап отыр.
ҚР СИМ атап өткендей, пандемия кезінде қазақстандық интернет-дүкендерден сатып алу саны екі есеге — 7 миллионнан 14 миллионға дейін өсті, қазақстандықтар азық-түлік, дәрі-дәрмек және киім-кешекті онлайн сатып ала бастады. Осыған байланысты, Тараптар ынтымақтастығының негізгі міндеті кәсіпкерлерді бизнесті Интернет желісінде көшіруге және жүргізуге оқыту болып табылады.
Меморандумға сәйкес, ҚР СИМ цифрлық төлемдер мен инновациялық төлем шешімдері саласындағы әлемдік көшбасшы Visa компаниясының мамандары, АХҚО және АХҚО Финтех Хабының мамандары дайындаған #ӨзіңдікілердіҚолда шағын, шағын және орта бизнес кәсіпкерлері үшін тегін онлайн білім беру бағдарламасына қолдау көрсетеді.
Кәсіпкерлердің интернет-технологиялар, электрондық коммерция және қолма-қол ақшасыз электрондық төлемдер туралы хабардар болу деңгейін арттыру үшін әзірленген Visa#ӨзіңдікілердіҚолда жаһандық бастамасы шеңберінде іске асырылатын микро, шағын және орта бизнеске арналған білім беру онлайн-бағдарламасына электрондық коммерция, маркетинг, онлайн-ілгерілету, маркетплейстердегі сату, төлем жүйелері, интернет-эквайринг және басқа да салалардағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар қатысады. Бағдарлама жаңа шындыққа бейімделуде және бизнесті онлайн-форматқа көшіруде шағын бизнеске әр түрлі бағыттарда көмектесуге бағытталған.
#ӨзіңдікілердіҚолда жаһандық бастамасы шеңберіндегі білім беру бағдарламасы Atameken Academy платформасында бейне сабақтар форматында жүзеге асырылды. Белсенді тыңдаушыларға онлайн-оқыту курсынан өткендігі туралы сертификаттар беріледі.