«Ақ жол» онкологиялық науқастарды емдеуді ұйымдастыру жүйесін қайта құруды сұрады
2020 ж. 24 қыркүйек
1376
0
«Ақ жол» партиясы Денсаулық министрлігінен онкологиялық науқастарды емдеуді ұйымдастыру жүйесін қайта құруды, карантин кезеңінде осы науқастарды емдеуді және бақылауды үзбеуді сұрайды. Тиісті депутаттық сауалды бүгін Мәжіліс отырысында фракция депутаты Дания Еспаева жолдады.
Денсаулық сақтау министрі
А.В. Цойға
Коронавирус пандемиясы COVID-19 жұқтырған жүздеген науқастардың өмірін қиып қана қоймай, сонымен бірге, әлеуметтік маңызды аурулардың, соның ішінде қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың өміріне қауіп төндірді.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Денсаулық сақтау және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 196-бабына сәйкес дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен емдеу және қамтамасыз ету ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) пакетіне кіреді.
Елімізде онкологиялық аурулар бойынша диспансерлік есепте 187 мың адам тіркелген. Төтенше жағдайдың енгізілумен байланысты қауіпті науқастар тобына кіретін пациенттерге медициналық мекемеге бармау, дәрі-дәрмекті оларға үйлеріне жеткізіліп беру ұсынылды. Осы кезеңде ауруханаларда жоспарлы тексерулер, кезекті терапия курстары тоқтатылды. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар - ең осал топтардың бірі. Оларды емдеу көбінесе ауыр және ұзаққа созылады, сондай-ақ емдеуді тоқтату бұрын жасалғанның бәрін жоққа шығарады. Карантин енгізілген кезеңде олардың ауруыөкінішке орай, жазылмады, Өйткені, ондай науқастар үнемі емдеуді қажет етеді. Әлеуметтік желілерде пандемия кезінде бүкіл медицина саласы коронавирусқа қарсы жұмылдырылған кезде онкологиямен күресуді жалғастырған науқастардың көптеген оқиғалары айтылады. Науқастардың барлық қажетті көмекті ала алмағаны туралы, апта сайын тексерілуге, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге тиісті емханалар жабық тұрғаны айтылады. Сол кезде оларға дәрі-дәрмек дер кезінде жеткізілмеді.
Тіпті, онкологиялық ауруы бар журналист ҚР Денсаулық сақтау министрлігін, «Фармация» СК, сондай-ақ ем қабылдаған облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аурухананы сотқа берген жағдай орын алды. Ол өзі сатып алған дәрі-дәрмек шығындарын өтеуді талап етті. Сот ісін қозғаған журналист Иринаның айтуы бойынша, соттан шығынын талап еткен әрбір органның жауапкершілік аймағын анықтау үшін 3 айдан астам уақыт кеткен. Сот талқылау барысында сот соңғы жауапкер деп қалалық аурухананы анықтаған. Біз мемлекеттік ауруханалардың өз бетінше онкологиялық науқастарға арналған препараттарды сатып алуға құқығы жоқ екенін білеміз. Ал денсаулық сақтау министрлігі мен «Фармация» СК-ның осы оқиғаға мүлдем қатысы жоқ болып шықты.
Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, министрлік тек басқалар қолданатын саясат пен ережелерді әзірлейді. Бағынышты ведомстволық медициналық ұйымдардың талаптарды орындауына олар жауапты емес. Денсаулық сақтау министрлігі
«Фармация» СК құрылтайшысы 100% қатысумен болып саналады. Жалғыз дистрибьютор «Фармация» СК ЖШС-нің кінәсінен талапкер 3 ай бойы қажетті дәрі-дәрмексіз қалған. Сайып келгенде «Фармация» СК ЖШС-нің іске қатысы жоқ. Егер Ирина сотта жеңіске жетсе Қарағанды қаласының №3 көпсалалы ауруханасы жауапкер болып қала береді. Алайда аурухана сотқа дейінгі шағымға жауап ретінде ол қажетті препаратқа 2019 жылдың қыркүйегінде өтініш бергенін және 2020 жылдың 14 ақпанында «Фармация» СК-дан бұл препараттар сатып алынбағаны туралы ақпарат алғанын хабарлады. «Фармация» СК тек 2020 жылдың 10 сәуірінде үшінші тендер жариялады. Нәтижесінде қажетті препарат 1 шілдеде ауруханаға түсті. Осы оқиға бүгінгі бюрократияның шынайы келбетін ашып, ең бастысы олардың жауапкершілік аумақтарының бұлыңғырлығын көрсетті.
Әйтпесе, пандемия басталғанға дейін 2019 жылы алдын-ала жасалған дәрі-дәрмектерді сатып алудың бұзылуын қалай түсіндіруге болады? «Фармация» басшылығының пандемияға байланысты әуе қатынастарының тоқтатылуы салдарынан жеткізілімдердің кешіктірілгені туралы сілтемелері олардың әрекетсіздігі мен жауапсыздығының ақталуы болып табылады.
Біз препараттармен үздіксіз қамтамасыз ету жағдайына карантин емес, денсаулық сақтау министрлігінің жылдар бойы сыртқы бақылаушы ретінде қалыптасқан ұстанымы, сондай-ақ «Фармация» СК-дағы тұрақты сыбайлас жемқорлық жанжалдары әсер етті деп санаймыз. Естеріңізге сала кетейік, «Ақ жол» фракциясының депутаттары 2012 жылы Парламентке сайланған алғашқы айдан бастап Үкімет пен Бас прокуратураға осы ұйымдағы қолайсыз жағдайлар мен жемқорлық фактілер туралы бірнеше рет мысалы, 2012 жылғы 23 мамыр, 2013 жылғы 6 ақпан және 6 қарашада депутаттық сауал жолдаған болатынбыз.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Ақ жол» ҚДП фракциясы:
1. Онкологиялық науқастарды емдеуді ұйымдастыру жүйесін қайта құруды, карантин кезеңінде осы науқастарды емдеуді және бақылауды үзбеуді. COVID 19 жұқтырғандарды қорғаудың барлық шараларын қамтамасыз ете отырып, ауруханаға жоспарлы жатқызуды қарастыруды;
2. 6 айдан 9 айға дейінгі кезеңге препараттардың азайтылмайтын қорын қамтамасыз етуді;
3. Пациенттерге дәрі-дәрмектерді 3 ай бұрын беруді;
4. Диспансерлік есепте тұрған онкологиялық науқастардың қаншасы мемлекет кепілдік берген дәрі-дәрмексіз қалды, олардың қаншасы осы себеппен өмірден кетті және осындай фактілер үшін жауапты тұлғалардың қайсысы жауапқа тартылғаны туралы жауап беруді сұраймыз.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары