Президент Жолдауының міндеттерін орындау үшін бірігуге шақырамыз - Ассамблея
2020 ж. 01 қыркүйек
1393
0
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Президентінің «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Халыққа Жолдауын іске асыру бойынша ел азаматтарына үндеу жасады.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.***
Қымбатты отандастар!
Жерлестер!
Бүгін Қазақстан халқы тарихи оқиғаның – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының куәгері және тыңдаушысы болды.
Жолдау халық пен елдің ең маңызды, өзекті және көкейкесті мәселелеріне жауап беретін ерекше мәнде орындалды.
Қазақстанның барлық азаматтары осы Жолдауды әлемдік нарықтағы экономикалық күйзелістен, ауыр пандемиядан және әлеуметтік-экономикалық мәселелерден кейінгі дамудың маңызды сұрақтарына жауап табуға үміттеніп күткенін атап өту қажет.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауы осы сұрақтарға барынша толыққанды жауап берді деп санайды.
Жолдауда халықтың әл-ауқатына, әрбір қазақстандықтың әлеуметтік көңіл-күйіне ықпал ететін барлық негізгі салалар қамтылған.
Экономикалық және әлеуметтік салада, мемлекеттік басқару саласында, қаржы саласында елдің дамуын тежейтін мәселелердің барлық нақты себептері көрсетілген.
Мемлекеттік басқаруды реформалау, елдің экономикалық дамуының жаңа бағыты, шағын және орта бизнесті қолдау, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін күшейту, білім беру мен медицинаны қолдау, тұрғын үй құрылысын ынталандырудың жаңа тетіктері, құқық қорғау жүйесін реформалау – бұл мәселелердің барлығы елдің әрбір азаматына қатысты.
Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын әлеуметтік әділеттілік, тиімділік және бәсекеге қабілеттілік басымдықтарына негізделген сапалы жаңа вектор мен дамудың жаңа қағидаттарына шығару жөніндегі іс-қимылдың біртұтас стратегиясын белгіледі.
Жолдау Қазақстанның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын реформалаудың барлық басты бағыттары бойынша нақты айқын тапсырмаларды қамтиды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Жолдаудың Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұрақты және гүлденген Қазақстанды құруға бағытталған дәйекті саяси бағытын терең объективті түрде бейнелейтінін жауапкершілікпен мәлімдейді.
Жолдауды іске асыру тек мемлекеттің ғана емес, азаматтық қоғамның барлық институттарының, үкіметтік емес ұйымдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің белсенді және кәсіби қатысуын талап етеді.
Осындай жауапты сәтте халқымыздың бірлігі мен келісімін нығайту, елдің болашағы үшін әр адамның жауапкершілігін арттыру қажет.
Қазақстан халқы Ассамблеясы, біртұтас елдің барша азаматтары Мемлекет басшысының жаңа Жолдауының міндеттерін толық қолдайды.
Біз бұл Жолдаудың бүкіл халық үшін қуатты жұмылдырушы бастама болатынына терең сенімдіміз.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Жолдаудың міндеттерін іске асыруға Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен келісімнің бірегей үлгісінің негізінде жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің арқасында қол жеткізуге болатынына сенімді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі Жолдаудың міндеттерін іске асыру Қазақстанның дамуындағы ауқымды серпіліс жасау мүмкіндігіне айналатынына нық сенім білдіреді.
Жолдауды орындау – Отанымыздың әрбір патриотының азаматтық борышы, жауапкершілігі мен абыройы.
Біз ел халқын тұрақты өркендеген Қазақстанды құру жолында Мемлекет Басшысы Жолдауының міндеттерін орындау үшін бірігуге шақырамыз.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі
Нұр-Сұлтан қ., 2020 ж. 1 қыркүйек