Ақжарқын Тұрлыбай өмір бойына бас бостандығынан айырылды
2020 ж. 27 тамыз
2285
0
Қытайдағы апелляциялық сот бұған дейін Гуанчжоу соты шығарған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкімін өзгеріссіз қалдырды. Ол есірткі контрабандасы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаушы тарап Гуанчжоу сотында 2019 жылдың соңында шығарылған үкімге апелляциялық шағым түсірді, деді сотталушының адвокаты.
Алайда сот үкімі өзгеріссіз қалды - Ақжарқын Тұрлыбай қытай түрмесінде қалады.
Адвокат қазақстандық азаматаны жазасын өтеу үшін Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға ауыстыруға болатынын атап өтті.
"Ауыстыру шарттарының бірі - сотталған адамның жазбаша келісімі. Қазіргі уақытта қорғаушы тарап, Ақжарқын Тұрлыбайдың отбасы Ақжарқынды Қазақстанға беру рәсімін қарастыруда. Қорғаушы тарап Ақжарқынды Қазақстанға берудің нақты мерзімі белгісіз, алайда біз оның тезірек оралуына мүдделіміз", - деді Тұрлыбайдың адвокаты.
Естеріңізге сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу қаласының әуежайында ұсталған болатын. Есірткі алып өтпек болған деген айып тағылып, 2015 жылы маусымда Қытай соты Ақжарқынды өмір бойына бас бостандығынан айырды. Жыл өткен соң бұл үкім жойылып, іс қарауға жіберілген.
Алайда үш жылдан кейін, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу соты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгеріссіз қалдырды.