Азат Перуашев аз қамтылған мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті
2020 ж. 19 тамыз
1261
0
«Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Жамбыл облысына барған сапарында өңір кәсіпкерлерімен бейнеконференция өткізді. Шарада карантиннен кейін шағын және орта бизнестің жұмысын қалпына келтіру, несие берешегі жүктемелерінің өсуі, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігі сияқты және тағы басқа көптеген мәселелер көтерілді. Мысалы, infokazakhstan.kz сайты арқылы жұмысын қалпына келтіру үшін рұқсат алу керектігін кәсіпкерлер олардың құқықтарын шектеу деп санайды.
— Біз осыншама жылдар әртүрлі тосқауылдар мен бюрократтық кедергілерге қарсы шыққанымызбен, мұндай талаптар барлық еңбегімізді жоққа шығарады - дейді кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес төрайымы Антонина Ан.
Сонымен бірге, ол келушілер тарапынан карантиндік ережені сақтамағаны үшін кәсіпкерлерді жазалауды тоқтатуды ұсынды. Келушінің маскасы болмағаны туралы сөз болды. — Егер дүкенге немесе дәріханаға келген сатып алушы маска кимесе сатушы не істей алады? Полиция шақырсын ба не еркекпен төбелессін бе? – деп сұрақ қойды А.Ан. - Мұндай жағдайда неге тәртіп бұзған адамды жауапқа тартпайды? Не үшін кәсіпкерке, бизнеске жүз мыңдаған қаражатқа айыппұл салады?
Мониторингтік бақылау топтарының атына да шағымдар айтылды. Мысалы, мұндай топтар қорғану жеке құралдарын қолдануды тексерді, бірақ тексерушілердің өздері маска кимеген және қолғапсыз жүрген. Кәсіпкерлерді қорғау одағының төрайымы мұндай топтардың әрекеттері және сайт арқылы тіркелу жөніндегі талаптары Кәсіпкерлік кодекске қайшы келеді деп санайды.
«Ауыл Береке» базарының директоры Самат Үрпеков жаңа жағдайларда базарлардың жұмысын реттеуді ұсынды, өйткені тексерушілер өзінше түсіндіреді. Сонымен бірге, ол карантин кезінде несие пайыздарының амнистиясы туралы да айтты. Ауыл диқаншылары егіс даласында өсірген өнімдерінің бүлінуі және көкөніс пен жеміс бір-бірінтабады деп сөзін аяқтады.
Тараздық кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігі (жалгерлік, несиелер, коммуналдық қызметтер және тағы басқа мәселелер) туралы айтты. Мысалы, мейрамхана қожасы бұрын алған несиесін оның бизнесі бойынша мембағдарлама болғанымен жаңа төмен мөлшерлеме бойынша қайта қаржыландыра алмай жүргенін айтты. Кейбір негіздемелер бойынша банк қайта қаржыландырудан бас тартуда, ал ол бұрынғы несиесін 4 жыл бойы уақытында төлеуде. Айтылған барлық мәселелер мен ұсыныстар қорытылып Үкіметке жеткізіледі - деп сендірді әріптестерін А.Перуашев.
Содан кейін ол Сарысу ауданына барды, ол жерде он шақты мұқтаж көпбалалы отбасына көмек көрсетіп, азық-түлік қоржындарын тапсырды. Қашықтықтан оқу үшін оқушы балаларына планшеттер сұраған екі отбасына «Ақ жол» Демократиялық партиясының облыстық филиалына көмек көрсетуді тапсырды.
Азат Перуашев Жаңатас қаласы дәріханаларында керекті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуін және олардың бағаларын көрді. Сондай-ақ Сарысу ауданы ауруханасы провизорлық орталығына үш оттегі құралын тапсырды. Орталық ұжымымен сөйлескен Азат Перуашев дәрігерлерді қиын кезеңде адамдардың өмірі үшін күрескен жанқиярлық еңбектері үшін алғыс айтып, жұқпалы дерттің күзгі толқынына әзірлік жұмыстардың барысы және мемлекет тарапынан жүргізілетін қажетті шараларды талқылады.