«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың үш бағыты бекітілді
2020 ж. 13 тамыз
1619
0
Қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлер жағдайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске асыру бойынша жаңа әдістемелік құралдар мен технологиялық пакеттер әзірленді, - деп хабарлайды "Қазақ үні".
Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов хабарлады.
«Бағдарлама үш бағытта жүзеге асырылады. Бірінші, «тұлғалық даму» бағытына білімнің салтанат құруы, бәсекеге қабілеттілік, сананың ашықтығы, прагматизм қағидаттары кірді; екінші бағыт – ұлттық бірегейлікті сақтау, халықаралық мәртебені арттыру; үшінші бағыт - мемлекеттің, азаматтық қоғамның және жергілікті қоғамдастықтардың дамуы, яғни революциялық емес, эволюциялық даму», - деді Б.Тлепов.Спикердің айтуынша, осы бағыттар бойынша 97 тармақтан тұратын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспары мен 2020 жылға арналған өңірлік жоспарлар әзірленді.