Ақтөбе тұрғыны Ойыл өзені бойында құрбан шалуды ұсынды
2020 ж. 30 шілде
5755
0
Ойыл ауданы, Қаракемер ауылында 1977 жылға дейін тұрдық. Ол кезде Ойыл өзені теңіз болып таситын. Біз тұратын жақпен мектептің ортасында терең сай болды, сол сайдан көктемде 10-15 күн қырдан өзенге қарай сарқырап су ағатын. Судың сарқырап аққаны түнде үйге естіліп жататын.
Бұны айтып отырғаным, Ойыл өзені қар-жаңбырдың суымен толығады. Ол кездегідей күзде жаңбыр, қыста қар жаумай кетті. Соның кесірінен соңғы 30 жылда Ойыл өзені тасымай қалды.
Ойыл өзені Ақтөбе облысындағы Қандыағаш темір жол станциясының солтүстік-батысында 50 км жерден басталып, Тайсойған құмында(Атырау облысы) бірнеше тармаққа бөлініп, Каспий маңы ойпатындағы Жалтыркөл, Ақтөбе көлдері аралығындағы Қаракөл қонысы тұсында тартылып қалады (ертеде Жайық өзеніне құйған).
Ойыл өзенінің жалпы ұзындығы 800 шақырымнан астам екенін ғалымдар айтып та, жазып та келеді.
Ойыл өзенінің тартылып, үзіліп, кеуіп бара жатуының басты себебі күзде жаңбырдың, қыста қардың жаумауынан.
Ұсыныс: Мешіттердегі имамдардың ұйымдастыруымен 800 шақырым Ойыл өзені бойында орналасқан елді мекен тұрғындары Құрбан айт күні құрбандықтарын Ойыл өзені жанына шалып, Алла тағаладан күзде жаңбыр, қыста қар жаудыруын сұрау.
Нұрлан ЕСЕНҒАЗЫ,
Ақтөбе тұрғыны
Қазақ үні