Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров көз жұмды
2020 ж. 27 шілде
1159
0
Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров 41 жасында қауіпті індеттен көз жұмды.
Жолан Ыбрайақынұлы Омаров 1979 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер, Қазақ ұлттық аграрлық университетін кадастр бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын "КИРЗАВОД-1" ЖШС атқарушы директоры болып бастады. Әр жылдары "КИРЗАВОД-1" ЖШС бас директорының орынбасары, "Алматыжер ҒӨО" ЕМК Алматы филиалы заң секторының маманы, Қаскелең жер-кадастрлық филиалының басшысы, "Алматыжер ҒӨО" ЕМК директорының бірінші орынбасары, директордың міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы, Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының бас маманы, облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2017-2019 жылдарда Райымбек ауданының әкімі болды. Сондай-ақ осы күнге дейін Талғар ауданы әкімі қызметін атқарып келді.