Даниал Ахметов: Қазан айына дайын болуымыз керек
2020 ж. 20 шілде
1989
0
Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов кеңес өткізіп, онда облыстың қалалары мен аудандары ауруханаларының барлық бас дәрігерлеріне күзгі кезеңге арналған дәрі-дәрмектердің қажетті қорын анықтауды тапсырды.
Өңір басшысы респираторлық аурулармен ауыратындардың маусымын қарастырып, сондай-ақ, короновирустық инфекцияны да міндетті түрде ескеру өмірлік маңызы екеніне сенімді.
"Күзде суық тиіп ауыратын адамдардың саны өсетіндігі белгілі, сондықтан осы кезде КВИ пандемиясы аясында жағдай ушығуы мүмкін. Оған жол беруге болмайды. Сондықтан да дәрігерлер өткен жылдардың аурушаңдығын ескере отырып, препараттармен қамтамасыз ету бойынша нақты көріністі сәрсенбіге дейін беруі тиіс", - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Бұдан былай өңірдегі дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету ШҚО тұрақтандыру қорына азық-түлікпен қатар енгізілген.
Қазіргі уақытта ШҚО мен Татарстан арасында шартқа қол қойылды, оған сәйкес 10 күннен кейін өңірге дәрілік препараттардың бес түрі түседі, олардың ішінде антикоугулянттар, аспирин, анальгин және басқа да ыстықты төмендететін және вирусқа қарсы препараттар бар.
Айта кетейік, Қазақстанда әлі лицензияланбаған, бірақ коронавирусты емдеу хаттамасына енгізілген дәрі-дәрмектердің елеулі көлемін шетелде тікелей өндіруші зауыттардан бір рет сатып алу үшін дәрі-дәрмектерді ірі жеткізушілермен келіссөздер жүргізілуде. Осы мақсатта ШҚО әкімі Даниал Ахметов ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы фармацевтикалық бақылау комитетіне шықты.
Аймақ басшысы атап өткендей, дәл осы препараттар ауруханаларға, дәріханаларға түседі, сондай-ақ күзгі кезеңге "қол сұғылмайтын" қор жасайды.
"2020 жылдың суық қазан айына біз дайын болуымыз керек", - деп түйіндеді ШҚО әкімі Данаил Ахметов.