42 500 теңге: Kaspi.kz пен Halyk Bank арқылы өтініш беруге болады
2020 ж. 17 шілде
1855
0
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Каспий банк пен Халық банк 42 500 теңгеге өтініш қабылдайтын порталдар қатарына қосылуға ниет танытқанын хабарлады.
«Өтініштер наурыз-сәуір айларындағыдай «42 500» порталында, электронды үкімет порталында қабылданады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін телеграм-боттар жұмыс істейтін болады. Тағы да қайталап айтамын, бұл порталдар тек жұма күні іске қосылады, әзірге, өтініш жіберіп әуре болмаңыздар», – деді Нұрымбетов.
Сондай-ақ министр екі банктің ұсынысына қатысты қосымша мәлімет 16 шілдеде тағы хабарланатынын айтты.