Пандемияға байланысты әскерлердің жауынгерлік дайындық форматы өзгерді
2020 ж. 15 шілде
1111
0
Қорғаныс министрлігінде аппараттық кеңес өтті. Күн тәртібіне әскерлердің жауынгерлік дайындығы мен әскери қызметшілердің коронавируспен күреске қатысуы, мерзімді қызметке шақыру мәселелері қойылды.
Қорғаныс ведомствосының басшылығы бекітілген жоспарларға сәйкес жауынгерлік оқуды толық көлемде жалғастыруға және карантиндік шараларды қатаң сақтауға баса назар аударды.
Ведомтсво басшысына әскерлердің жай-күйі мен жеке құрамды даярлау, сонымен қатар оқыту жоспарларының орындалуы туралы өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің бас қолбасшылары мен қолбасшылары баяндады.
Айта кету керек, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері парашютпен 800 – ден астам секіруді жүзеге асырды, оның 64-і түнде өткізілді. Әскерлерде арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіліп, мамандықтар бойынша дайындық жалғасуда.
Әуе қорғанысы күштерінде авиациялық техниканы жөндеу мен жаңғыртудан кейін қабылдау жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылады, жас ұшқыштар құрамымен ұшу дағдыларын оқыту және жетілдіру үшін жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары өткізіледі.
Барлау бөлімшелерімен, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерімен және артиллериялық бөлімшелермен лагерлік жиын өткізіледі. Олар әдеттегідей өңірлік принцип бойынша өтеді, онда аймақ әскерлері көп шақырымды жаяу шерулер, әскери техниканың шығуы және берілген полигонға шоғырланады.
Күрделі эпидемиологиялық жағдайда әскерлерді даярлау форматының өзгеруі мәжбүрлі шара болды. Министр лагерлік жиындарды полигондарға бармай, тұрақты орналасқан пункттерге жақын жерде далалық сабақтар түрінде өткізуді тапсырды. Бас қолбасшылар мен әскерлер қолбасшыларына өткізілетін сабақтарды жан-жақты бақылауды қамтамасыз ету, мақсаттары мен нақты түпкілікті нәтижелерін көрсете отырып, сабақтар бағдарламаларын әзірлеу және жеке өзі бекіту жөнінде нұсқау берілді.
Әскерлердің жауынгерлік оқу нысандарының бірі – халықаралық армиялық ойындар. Бұл жай ғана жарыс емес, армияны дайындау мен оның жауынгерлік қабілетін күшейтудің элементі саналады. Жаттығулар мен жарыстар барысында әскери қызметшілер өз шеберліктерін арттырып, түрлі қару-жарақ пен әскери техниканы игеріп, әскердің дайындық деңгейін көрсетіп, басқалардан үйренуге мүмкіндік ала отырып, тәжірибе алмасады. Ауқымды халықаралық әскери жарыстар әскери-саяси байланыстарды нығайтуға өз ықпалын тигізеді.
Қарулы Күштерде командаларды жоспарлы дайындау үдерісі жалғасуда. Министр атап өткендей, санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар мен ойындарды ұйымдастырушы елдердің талаптарын ескеру және сақтау маңызды. Қатысушыларға карантин және тестілеу бойынша қатаң медициналық талаптар қолданылады. Барлық сайыстар елді мекендерден алшақ, сондай-ақ ашық ауада өткізіледі.
Жыл сайын қатысушылар құрамы жаңартылады. Командалар конкурс ережелерінің талаптарына сәйкес құрылады. Қорғаныс ведомствосының басшысы командаларды дайындау нәтижелілігін арттыру, қатысушыларды жеке және командалық сынақтарда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге ынталандыру жөнінде тапсырма берді.
Жылдағы дәстүрге сәйкес, АрМИ-2020 армиялық ойындарының бірнеше сайысы еліміз аумағындағы Гвардейск гарнизонының полигондарында өтеді. Сонымен қатар, армиялық ойындарға қатысу туралы түпкілікті шешім эпидемиологиялық жағдайды негізге ала отырып қабылданады.
Қарулы күштер жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдай органдарына дезинфекциялау бойынша көмек көрсетуді қайта бастады.
Атап айтқанда, Атырауда қалалық қызметке көмек ретінде әскери қызметшілердің жеке құрамы мен қажетті жабдықтар бөлінді. Дезинфекциялау жұмыстары Ақмола, Тараз, Шымкент және Қызылорда гарнизондарында жоспарланған.
Қарағанды әскери лазарет дәрігерлерінің бір тобы азаматтық медицина мамандарымен бірге коронавируспен күресуге қатысады. Өңір басшысы әскери медицина қызметкерлеріне қиын уақытта қажетті көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Белгіленген мерзімдерге сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру өтеді. Оған қоса Қарулы Күштердің әскери бөлімдері жасақталады. Жас буын денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шара ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-мен әскерге шақырылушыларды қызмет орындарына жіберу үшін жеке темір жол вагонын бөлу мүмкіндігін пысықтау туралы нұсқау берілді.