Басты мәселе - балалардың денсаулығын сақтау
2020 ж. 14 шілде
1590
0
Бірінші тоқсанда мектеп оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Үкімет отырысында айтты, - деп хабарлады baq.kz.
Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындықты белсенді жүргізуде. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, жыл жедел респираторлық вирустық кезеңінде білім алушылардың 70 пайызға жуығы ауырады. Қазір де коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары. Біз үшін, ең бастысы, балалар мен ұстаздардың өмірі мен денсаулығы, - деді ол.
Аймағамбетов осыған орай бірқатар шешім ұсынды.
Еліміздегі шалғайда орналасқан шағын жинақты ауылдық мектептерді қоспағанда, 1 қыркүйектен бастап республиканың барлық мектептерінде 1-11-сыныптар үшін оқу жылының алғашқы тоқсанында сабақты қашықтан оқыту форматында өткізу. Ата-аналардың өтініші бойынша қатаң санимтарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмысын істеуге мүмкіндік беру. Бұл жағдайда балалар тек қана бір кабинетте оқиды, қоңырау әртүрлі уақытта болады. Кіреберісте дене қызуын өлшеу шарасын ұйымдастырамыз, - деді ол.
Министр ауаны ылғалдау шарасы да күшейтілетінін айтты.
Әлеуметтік қашықтық ұйымдастыру үшін оқытуды ауысымға және 10-15 бала санынан аспайтын топтарға бөлу, мектепте оқу күндерін алмастыра оқыту қарастырылды. Бұл балалар үшін пәндердің бір бөлігі қашықтан оқытылады. Шалғайда орналасқан шағын жинақты ауылдық мектептерде штаттық форматта оқытуға ұсынылады. Бұл оқушылардың 4 пайызын ғана құрайды. Осы талапқа сай 127 мың бала, 1900 мектеп анықталды. Бірінші тоқсан аяқталғаннан кейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты мектептер кезең-кезеңмен аралас және штаттық форматқа көшуі қарастырылады. Тиісті стратегия дайын, - деді ол.
Министр ерекше білімді қажет ететін балаларға да тоқталды.
Үйде оқытудың ең осал топтары ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен төмен кірісті отбасылардың балалары, бастауыш оқушылары болғандықтан, нақты оқшау санаттағы балаларды инклюзивті білім мен қолжетімді білім беруді нақты қолға алатын боламыз, - деді ол.
qazaquni.kz