«Ақ жол» партиясы Елбасын туған күнімен құттықтады
2020 ж. 06 шілде
1385
0
Елбасы
Н.Ә.Назарбаевқа
Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы!
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы атынан Сізді бүгінгі мерейлі туған күніңізбен шын жүректен құттықтауға рұхсат етіңіз! Қазіргі Қазақстанның мемлекет ретіндегі абыройын арттырудағы, елдің халықаралық аренада тұғырын биіктетудегі жарқын жетістіктері, сөзсіз, Сіздің тәуелсіздік жылдары бойына қуатты, бәсекеге қабілетті ұлт, озық әрі білімді мемлекет қалыптастыру бойынша жүргізген сындарлы саясатыңыздың арқасы деп білемін. Мұның бәріне тарих өз бағасын береді. Адамзат тарихындағы ұлы тұлғалардың қатарында Сіздің де тұратындығыңызға еш күмәнім жоқ. Сіз – көреген де дана саясаткер, ұлт көшбасшысы ғана емес, тұтастай қазақ елінің тірегісіз. Осы орайда, аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, ұлттық бизнестің мүддесін қорғап жүрген «Ақ жол» партиясы Сіздің еліміздің толыққанды демократияға және қарқынды экономикаға ұласуы жолындағы күш-жігеріңізді және тағдыршешті бастамаларыңызды сөзбен емес, іспен қолдағанын және қолдай беретінін жеткізгім келеді. Бүгінгі мерейтойыңызда Сізге амандық, өмірлік күш-қуат, сондай-ақ Қазақстан халқының берекесі мен өсіп-өркендеуі жолында одан әрі де еңбек ете беруіңізге тілектеспін. Төл мерекеңіз құтты болсын, құрметті Президент мырза! Сізге ерекше құрметім мен ізетімді білдіремін. Зор құрметпен, «Ақ жол» ҚДП Төрағасы А.Перуашев