Министр дәрігердің тағайындауынсыз ем қабылдамауға шақырды
2020 ж. 01 шілде
1143
0
Бөлшек дәріханаларда дәрі-дәрмектердің жоқтығы туралы халықтан түскен шағымдарға байланысты жағдайға түсініктеме бере отырып, Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі бөлшек дәріханаларға сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді жедел жеткізу үшін өндірушілермен және дистрибьюторлармен жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.Алыпсатарлықтың алдын алу үшін әкімдіктер дәрі-дәрмектерді бір қолға жіберуге шектеу енгізеді.
Вице-министрдің айтуынша, ағымдағы аптаның соңына дейін бөлшек сауда желісіне "Ингавириннің" 70 мың орамасы келіп түседі. Бүгінгі күні нарыққа әр түрлі өндірушілерден 700 мың "Парацетамол" қаптамасы келіп түсті. Алдағы екі апта ішінде 800 мыңға жуық қаптамаларды қосымша жеткізу күтілуде.
Антибиотиктерге келетін болсақ, Л.Бюрабекованың ақпараты бойынша, өткен аптаның соңында отандық өндірушілер "азитромициннің" 100 мыңнан астам қаптамасы нарыққа келіп түскен.
«Таяу уақытта ыстықты түсіретін, вирусқа қарсы құралдар мен антибиотиктердің тапшылығы мәселесі шешілетін болады. Мен отандастарымызды үрейге ұшырамауға, көптеген дәрі-дәрмектерді сатып алмауға және емдеуші дәрігердің тағайындаусыз ем қабылдамауға шақырамын», - деді вице-министр.Л.Бюрабекованың айтуынша, бүгінгі таңда 6 мыңнан астам дәрілік заттардың бағасы бекітілген, олармен уәкілетті органдардың интернет-ресурстарынан, "Dari KZ" мобильдік қосымшасынан танысуға болады.
Сонымен қатар, ол дәрі – дәрмектерді сату үшін шекті бағадан жоғары айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын, қайта бұзғаны үшін-лицензияны тоқтата тұрғанын еске салды. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектерді рецептісіз босату үшін де әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.