Қазақстанда тағы 7 сырқат коронавирустан қайтыс болды
2020 ж. 23 маусым
794
0
Коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы - 1967, 1956, 1962 және 1975 жылдары туған ер азаматтар, 1967 және 1951 жылы дүниеге келген әйел адамдар, Қостанай облысы - 1949 жылы туған ер адам. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеді.
Қазақстан бойынша барлығы 127 адам қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан қаласы – 38, Алматы қаласы – 20, Шымкент қаласы – 13, Ақмола облысы – 8, Ақтөбе облысы – 1, Атырау облысы – 3, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 6, Қарағанды облысы – 10, Қостанай облысы – 3, Маңғыстау облысы – 2, Павлодар облысы – 13, Түркістан облысы – 8.