Коронавирус: Нұр-Сұлтанда 50 науқас жасанды өкпе желдету аппаратына қосылған
2020 ж. 22 маусым
933
0
Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны үш есеге артты, 50 науқас жасанды өкпе желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.
«Бүгінде қалада 3 348 коронавирус инфекциясы ауруы тіркелді, оның ішінде өткен аптада 587 жағдай тіркелді. Бұл көрсеткіш алдыңғы аптаға қарағанда 21 пайызға көбейді. Күнделікті өсім – 3 пайыз, 2 291 науқас жазылып шықты», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Бүгінгі күні ауруханада 2 610 науқас жатыр, бұл – алдыңғы аптамен салыстырғанда үш есе көп. Оның ішінде пневониямен ауыратындар саны – 92 пайызды құрайды.
«Бүгінде ауруханадағы 126 науқастың жағдайы тұрақты, 50 науқас немесе 40 пайызы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 12 маусымнан бастап, медициналық ұйымдардағы төсек-орын саны қайта қарастыру арқылы 825-ке дейін жеткізілді. Сонымен төсек-орын 53 пайызға дейін ұлғайтылды», - деді Сәуле Қисықова.