Назарбаевтың қазіргі жағдайы белгілі болды
2020 ж. 22 маусым
21802
0
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай оның жағдайы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл-күйі жақсы, сырқат симптомсыз өтіп жатыр. Дене қызуы қалыпты, КВИ-ге тән белгілер байқалған жоқ. Тұңғыш президент дәрігерлердің бақылауында. Олардың айтуынша, алаңдауға еш негіз жоқ", - деді Үкібай.
Сөзінше, ол әрбір келіп түскен хатты оқып шығады екен.
"Әрине де, Нұрсұлтан Әбішұлы мұндай қолдау сөздерін көріп және естігеннен – сүйсінді. Бибігүл Төлегенованың видеосәлемдемесін түсіністікпен және қуана қабылдағанын айтты. Елбасы өзге мемлекет басшыларынан болсын, комбинаттардың еңбек ұжымдарынан болсын, түсіп жатқан барлық телеграммалар мен хаттарды оқиды. Нұрсұлтан Назарбаев үшін хаттардың барлығы бірдей қымбат. Адамдардың бірлігі, олардың ізгі және шын көңілден білдірген тілектері тұңғыш президентке күш беруде. Осы жылдар бойы көшбасшымыз халық қолдауының арқасында ғана тәуелсіз және гүлденген мемлекет құру жолындағы кез келген қиындықтар мен ауыртпалықтарды жеңіп келді", - деп қосты баспасөз хатшысы.
Бұған қоса ол Назарбаевқа Алматы облысынан оқушы жеделхат жолдғанын атап өтті.
"Елбасы осы оқушыға, барлық қазақстандық және өзге мемлекет азаматтарына ризашылық білдіріп, жылы қолдау сөздері үшін алғыс айтты. Әрине, бұл күндері Нұрсұлтан Әбішұлының оқушымен кездесуі мүмкін болмас. Нағашыбек оқудағы жетістіктері туралы айтқан екен. Сондықтан Тұңғыш Президент қоры желісі бойынша түрлі бағдарламаларға қатысуға шақырту алуы мүмкін", - деді Айдос Үкібай.