Зиялы қауым өкілдері Елбасыға саулық тіледі
2020 ж. 18 маусым
853
0
Бүгінгі жаңалықтар ағымынан Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың коронавирус індетіне шалдыққаны туралы ақпаратты оқып, көңілімізге кірбің ұялады.
Тәуелсіз Қазақстан үшін ерен еңбек сіңіріп, егемен еліміз үшін өлшеусіз қызмет атқарған Елбасының денсаулық жағдайы облыстың тұрғындарын алаңдатпай қойған жоқ.
Алайда, біз Елбасының бұл дертті қайсарлықпен жеңетініне және еңсеретініне сеніміміз мол.
Себебі, Нұрсұлтан Әбішұлы бұдан да күрделі сәттерде қиындықтарға қарсы тұра білді. Сонау 1991 жылы еліміз алғаш егемендікке қол жеткізген шақтарда оның жауапкершілігінде тұтас елдің тағдыры тұрды. Елбасымыз осынау сәтте құлдырау шегінде тұрған экономикамызды алға жетеледі, арқа төсіне ару астанамызды тұрғызды. Жас мемлекетіміз ел болып ірге бекітіп, дамудың даңғыл жолына түсті. Қазақстан атты елдің есімі енді тек ТМД аумағында емес, халықаралық аренада атала бастады. Ел тәуелсіздігінің 30 жылында бізді әлем таныды, азат еліміз дамудың қазақстандық үлгісін көрсетті.
Нұрсұлтан Әбішұлының індеттен тезірек сауығып кетуін шын жүректен тілейміз. Елін сүйген Елбасыға барша Жамбыл жұрты тілектес.
Жамбыл облысының зиялы қауымы атынан:
Ә.Желдібаев, күйші-композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
К.Ахметова, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері
Ә.Әмзеев, актер, драматург, ҚР мәдениет қайраткері
Е.Әлімжан, жазушы-драматург, публицист.