Армениядан әкелінген автокөлікті тіркеу рәсімі жеңілдетілді
2020 ж. 16 маусым
1273
0
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу шарттары мен оларға қойылатын талаптар туралы халықты хабардар ете отырып, автореттеу рәсімі өте жеңіл, әрі азаматтардың көп уақытын алмайтынын атап өтті.
Тіркеу жұмысы автокөліктің меншігіне, яғни Арменияда берілген техпаспортта көрсетілген тұлғағажүзеге асырылады. Мұндай автомобильдерді сенімхат немесе сақтандыру полисі бойынша басқаратын тұлғаларға тіркеу жүзеге асырылмайды. Себебі олар заңды түрде автомобиль иелері болып табылмайды. Сонымен қатар, басқа адамдар сақтандыру полистері негізінде осындай автомобильдерді басқаруға құқылы.
Үкіметтің қаулысына сәйкес автомобильді тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды, оның ішінде тіркеу алымы – 695 теңге (0,25 АЕК), техпаспорт үшін баж салығы – 3 473 теңге (1,25 АЕК), мемлекеттік нөмір үшін – 7 778 теңге (2,8 АЕК). Елге келген көліктер Арменияның уәкілетті органдарында есепте тұрғанын ескере отырып, Қазақстанда тіркелген көліктерге сары түсті нөмірлер беріледі. Нөмірлер автомобиль иесінің нақты тұратын жері бойынша өңір кодымен таратылады ("01" - ден "17" - ге дейін).