Көкшетауда әкімшілік қамауға алынған үш адам уланып өлді
2020 ж. 02 маусым
1423
0
Көкшетауда қабылдау-орналастыру орнында әкімшілік қамауға алынған адамдардың уланып өлуіне байланысты іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Көкшетау қаласындағы қабылдау-орналастыру орнында әкімшілік қамауға алынған 6 адамның улану белгісімен қалалық аурханаға түскені, кейін оның үшеуі көз жұмғандығы туралы ақпарат тараған еді. Желідегі мәліметтерге қарағанда көз жұмған адамдардың жасы 32-41 аралығында.
«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 304 бабының 3 бөлігі (санитарлық және гигиеналық нормаларды бұзу) бойынша іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды»,– деп айтты ПД баспасөз қызметіндегілер.