"Ақ жол" ашаршылыққа “геноцид” деп саяси баға беруді талап етті
2020 ж. 30 мамыр
1738
0
"Ақ жол" партиясы Президент Қ.Тоқаевтың "тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын- сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы комиссия құру" жөніндегі тапсырмасын қолдайды және де оның жұмысына өз өкілдерін жіберуге дайын екендігін хабарлайды.
Сонымен қатар:
1. “Ак жол” демократиялық партиясы Ашаршылық пен саяси репрессияларға, соның ішінде - “Алаш” қайраткерлеріне байланысты НКВД қорындағы барлық құпия құжаттарды ашуды және оларды ресми түрде цифрлы еркін интернет-ресурстарында жариялауды сұрайды.
2. “Ақ жол” демократиялық партиясы, қазақ елінің жаулары қасақана ұйымдастырған, 4 млн күнәсіз жан қырылған Ашаршылыққа ресми түрде “геноцид” деп саяси баға беруді талап етеді
3. “Ақ жол” демократиялық партиясының парламенттік фракциясы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі большевиктердің тоталитарлық билігі ұйымдастырған ашаршылықты Украина дағы Голодомор секілді халықаралық деңгейде (БҰҰ, АҚШ Конгрессі, Европарламент қоса) мойындату жұмыстарын бастауды ұсынады;
4. “Ақ жол” демократиялық партиясы Ашаршылықты қолдан ұйымдастырғаны үшін коммунистік -тоталитарлық жүйені тарихи және саяси жауапкер ретінде Қазақстанда коммунистік идеологияға тыйым салуға шақырады;
5. “Ақ жол” демократиялық партиясы елімізде де-коммунизация ұстанымын мемлекетіміздің ресми саясатының бір бөлігі болуын қалайды.
Біз ондаған жыл бойы кірме үгіт-насихатпен өмір сүрген аға буынның көзқарасын сыйлаймыз.
Алайда, өткен заман тәуелсіз ұлттың келешегіне бөгет болмауға тиіс. Қазақ елінің болашағын тоталитарлық идеология емес, жалпыадамзат өркениетіне бағытталған, келешектің ара-жігін ажырата білетін жаңа ұрпақ айқындауы қажет.
"Ақ жол" демократиялық партиясының президиумы