ЕАЭО елдерінен көлік әкелу мерзімі ұзартылды
2020 ж. 19 мамыр
1784
0
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі жеке түлғаларға 30 қыркүйекке дейін Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан уақытша әкелінген көліктер мен басқа да көлік құралдарына рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан көліктер мен басқа да техникаларды уақытша әкелгендерге 30 қыркүйекке дейін ештеңе міндеттелмейді, оларға әкімшілік жаза қарастырылмайды және кеден төлемін жасамайды", - деді Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері.