МАҚТАРАЛДЫҚТАР АССАМБЛЕЯ ЖОЛДАҒАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІ АЛДЫ
2020 ж. 13 мамыр
1339
0
13 мамыр күні Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Атакент ауылына су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін автокеруен келіп жетті. 180 тоннаға жуық гуманитарлық жүк тиелген 16 ауыр жүк көлігін Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы күтіп алды.
#Мақтааралбізбіргеміз! және #ЖүрекЖылуы қайырымдылық шарасы аясында республика бойынша этномәдени бірлестіктер, Ассамблеяның жастары мен еріктілері, ҚХА мүшелері мен меценаттары қатысып, азық-түлік және гигиеналық қажеттіліктер, киім-кешек, құрылыс материалдары, басқа да тауарларды жинады.
Автокеруенді жөнелтуге қатысқан ҚХА Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев акцияға атсалысқандарға алғысын білдіріп, бұл қолдау – ауызбіршілік пен Қазақстан халқы бірлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті.
Жалпы акция аясында Мақтаарал ауданының тұрғындарына 63 миллион 470 мың теңге көлемінде гуманиртарлық көмек көрсетілді.
Ассамблея тарапынан қолдау көрсетужұмысы әлі де жалғасын табады.