Президент: Індетпен күресте медицина жүйесінің осал жақтары анықталды
2020 ж. 05 мамыр
1216
0
Мемлекет басшысы пандемиямен күресте медицина жүйесінің осал тұстары анықталғанын атап өтті.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.
– Өкінішке қарай, індетпен күрес барысында медицина жүйесінің осал жақтары да анықталды. Сақтық шараларына қарамастан, көптеген медицина қызметкері вирус жұқтырып алды. Дәрігерлеріміз онсыз да жетпей жатқанда, осындай қиындыққа тап болдық. Бұл жағдай тікелей бақылауымда. Нақты тапсырмалар берілді. Індетпен күресуге атсалысқан дәрігерлерге тиісті үстемеақы төленуде, – деді Президент.