Ассамблея гуманитарлық акция басталғанын хабарлады
2020 ж. 05 мамыр
1150
0
Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы ахуалға байланысты су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарын қолдауға арналған гуманитарлық акцияның басталғанын хабарлайды.
Қазіргі кезде халыққа азық-түлік, гигиеналық заттар мен тіршілік ету үшін бірінші кезекте қажетті тауарлар керек.
Осыған байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін, этномәдени бірлестіктер басшыларын, Достық үйлері жанындағы ҚХА волонтерлер орталықтарын су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына жіберу үшін қаражат, азық-түлік тағамдарын, тіршілік етуге бірінші кезекте қажет болатын тауарларды жинауды ұйымдастыруға шақырамыз.
Көмекті жинау үшін Шымкент қаласындағы Достық үйінің базасында Қазақстан халқы Ассамблеясының Республикалық жедел іс штабы ұйымдастырылады.
Оны Түркістан облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Рысбеков Ғани Құрмашұлы басқаратын болады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы бәріміздің бірлесе отырып, табиғи апат салдарларын ойдағыдай тиімді еңсере алатынымызға сенімді.
Тел.: + 77013829579